Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығая түсті

© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 344,92 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше күндізгі сессияда шетелдік валюта 345,54 теңгеге бағаланған еді.

6 сәуір күні таңғы сессияда бірінші келісім 345,3 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға - 344,2. Ал ең жоғарысы 345,3 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі - 13 миллион доллар. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 340-345,8 теңгеге сатып жатыр. Астана уақыты бойынша, сағат 11.07-дегі жағдайға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың маусым айына фьючерсі әр баррель үшін 38,62 долларға жетті. Шілдеге арналған фьючерс - 38,77.

Еске сала кетейік, 5 сәуір күні KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50-ге тең болды. Таңғы сессияның алғашқы келісімі 345,5 теңгемен өтті. Саудада ең төменгі баға 345,3 теңге болса, жоғарысы 345,9 теңгеге жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 28,6 миллион доллар болды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама