ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2021 | 09:36
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: Қазақстанда тағы екі оператор-банк пайда болды
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға келісім жасауға болатын тағы екі оператор-банк пайда болды. БЖЗҚ Altyn Bank және "Банк ЦентрКредитпен" келісімшарт жасады. Бұған дейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға келісім жасау бойынша екі банк болатын: "Отбасы банк" және Halyk Bank, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта БЖЗҚ "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, Altyn Bank АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасады.
Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды", - делінген хабарламада.
Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап
Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.
Зейнетақы жинағының шекті сомасы
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также