ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қыркүйек 2016 11:57
Жыл басынан бері қазақстандықтар 800 миллиард теңге зейнетақы алған
Жыл басынан бері 4 млн астам қазақстандыққа 884,7 млрд теңге зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 миллиард теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 689,4 миллиард теңге бөлінді.
"1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 миллион 20 мың адам алады", - деп нақтылады ДСӘДМ-де.
Естеріңізге салсақ, базалық зейнетақының мөлшері 11 965 теңгені, зейнетақының орта мөлшері 55 049 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде).
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу