АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылға арналған жеке табысын 2 миллиард доллардан астам сомада декларациялады. Мұндай деректер АҚШ-тың Үкіметтік этика мәселелері жөніндегі басқармасы (Office of Government Ethics, OGE) жариялаған қаржылық декларацияда келтірілген, деп хабарлайды жарияланған Office of Government Ethics, OGE) хабарлайды Tengri Life.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылға арналған жеке табысын 2 миллиард доллардан астам сомада декларациялады. Мұндай деректер АҚШ-тың Үкіметтік этика мәселелері жөніндегі басқармасы (Office of Government Ethics, OGE) жариялаған қаржылық декларацияда келтірілген, деп хабарлайды жарияланған Office of Government Ethics, OGE) хабарлайды Tengri Life.
Табыстың негізгі бөлігін криптовалюталық жобалар әкелді
People басылымының мәліметінше, құжаттың көлемі 927 бетті құраған. Декларацияға сәйкес, Трамп дәулетінің едәуір бөлігі былтыр криптовалюталық активтермен байланысты болған.
Мәселен, ол Celebration Coins компаниясынан роялти ретінде 635 миллион доллар алған. Тағы 236 миллион доллар криптотокендерді сатудан түссе, 290 миллион доллар - Трамптың отбасы негізін қалаған World Liberty Financial криптовалюталық жобасына қатысты криптоәмияндардан түскен түсімдер.
Басылымның дерегінше, АҚШ президентінің 2025 жылғы жалпы жеке табысы 2 миллиард доллардан асқан.
Сот талқылаулары бойынша төлемдер
Қаржылық декларацияда бес бөлек сот дауын реттеу аясында алынған 86,5 миллион доллар көрсетілген. Сөз ABC, CBS, YouTube, Meta және X әлеуметтік платформасына қарсы талап арыздар бойынша төлемдер туралы болып отыр.
Сонымен қатар құжатта Трампқа тиесілі гольф-клубтар мен курорттардан түскен табыстар көрсетілген. Атап айтқанда, Мар-а-Лаго резиденциясы оған 77 миллион доллар табыс әкелген.
Ақ үй мүдделер қақтығысы туралы айыптауларға жауап берді
Қаржылық декларацияның жариялануы The New York Times редакциялық кеңесі Трамптың инвестициялары мен табыс көздеріне жасаған жеке талдауын шығарғаннан кейін бірнеше ай өткен соң болды. Ол кезде басылым оның Ақ үйге оралғаннан кейінгі бір жыл ішінде 1,4 миллиард доллардан астам табыс тапқанын алға тартқан болатын.
Ресми декларация жарияланғаннан кейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Анна Келли ықтимал мүдделер қақтығысы туралы айыптаулардың еш негізі жоқ екенін мәлімдеді.
"Бұл - демократтардың президент Трампқа, оның отбасына және оның әкімшілігіне қарсы он жылдан бері алға тартып келе жатқан сол баяғы ескірген нарративі. Президент Трамп тек америкалық халықтың мүддесі үшін әрекет етеді, сондықтан да сайлаушылар оған және оның бизнесіне қатысты фейк медиа тарапынан айтылған жылдар бойғы өтірік пен жалған айыптауларға қарамастан, оны осы лауазымға сеніммен қайта сайлады. Ешқандай мүдделер қақтығысы жоқ", - делінген Келлидің мәлімдемесінде.
Криптовалюталық жобалар туралы тергеу
Құжат Трампқа қатысты криптовалюталық жобаларға арналған Reuters тергеуінен бірнеше апта өткен соң пайда болды.
Агенттік мәліметінше, $TRUMP мемкоинін сатып алған миллионнан астам инвестор токен құны күрт төмендегеннен кейін жалпы алғанда 2,3 миллиард долларға жуық шығынға батқан. Бұл ретте Reuters Трамптың өзі мен ұлдары шамамен 2,3 миллиард доллар пайда тапқанын алға тартады.
Сонымен бірге The Washington Post президент дәулетінің нақты көлемін анықтау мүмкін емес екенін атап өтті. Америкалық қаржылық есептілік ережелері көптеген активтің құнын диапазондар түрінде көрсетуге мүмкіндік береді, мұнда жоғарғы шек көбінесе "50 миллион доллардан астам" деп белгіленеді.
Вице-президенттің де табысы жарияланды
Сонымен қатар OGE вице-президент Джей Ди Вэнстің 2025 жылға арналған 17 беттік қаржылық декларациясын жариялады.
Құжатқа сәйкес, оның активтерінің арасында Narya Capital инвестициялық компаниясындағы бақылау пакеті, коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлкі, кітаптар үшін авторлық қаламақылар, сондай-ақ 250 мыңнан 500 мың долларға дейінгі сомадағы биткоиндер және басқа да табыс көздері көрсетілген.
Бұған дейін Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды. Бұл оған тиесілі SpaceX компаниясының IPO-сынан кейін мүмкін болды. Forbes мәліметінше, IPO-ға дейін Масктің SpaceX-тегі шамамен 42 пайызды құрайтын үлесі 500 миллиард долларға бағаланған. Акцияларды орналастырғаннан кейін бұл үлестің құны шамамен 690 миллиард долларға дейін өсіп, кәсіпкердің жалпы байлығы триллион доллардан асты.
Алайда кейінірек Илон Маск 118 миллиард доллар жоғалтып, триллионер мәртебесінен айырылды.
Пікірлерді оқу