29 шілде 2022 15:10

Абай және Ұлытау облыстарының ТЖД басшылары тағайындалды

Сұлу Бөлек Корреспондент

Абай және Ұлытау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай және Ұлытау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облыстық ТЖД басшысы болып полковник Манарбек Шапағатов тағайындалды.

Манарбек Шапағатов. Сурет: ТЖД баспасөз қызметінен

Реклама
Реклама

Манарбек Шапағатов 1975 жылы 3 ақпанда Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. Білімі бойынша - өрт қауіпсіздігі инженері.

Еңбек жолын Құқық қорғау органдарында 1992 жылғы қазаннан Көкшетау облысы Щучье ауданы мемлекеттік өртке қарсы қадағалау бөлімінің инспекторы болып бастады. Сол жылдарда түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Ұлытау облысы ТЖД басшысы болып полковник Есен Байыров тағайындалды.

Есен Байыров 1974 жылы 22 сәуірде Жезқазған облысы, Ағадыр ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. Білімі бойынша - өрт қауіпсіздігі инженері.

Еңбек жолын Құқық қорғау органдарында 1998 жылғы тамыздан Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы болып бастаған. Сол жылдарда түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram