07 шілде 2020 | 19:04

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Ақан Сатаев 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағандыда дүниеге келген. 1994 жылы Алматы қаласында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы Sataifilm студиясының негізін қалады.

Реклама
Реклама

2007 жылы "Рэкетир" атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Аталған картина прокаттағы бастапқы күндерінде 1 миллион 150 мың доллар жинап, Қазақстанның бокс-оффисінде мегахитке айналды.

Сондай-ақ Qazaqstan ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша "Ағайынды" сериалын түсірді. Сонымен қатар, Сатаев "Районы", "Томирис", "Жаужүрек мың бала" кинокартиналарының режиссері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная