04 наурыз 2022 | 18:25

Әкім Ерболат Досаев Amanat партиясы филиалының төрағасы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: партияның баспасөз қызметі

Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, Асхат Оралов қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясына қатысқан. Осы жиында делегаттар Amanat партиясы филиалының жаңа төрағалығына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сайлады.

Партияның Атқарушы хатшысы филиал жаңа басшылығының алдында партияны модернизациялауды ескере отырып, жұмысты жандандыру және сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын бақылау міндеттері тұрғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, Amanat партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс жасауда транспаренттілікті арттырып, қоғамның барлық өкілдерімен жұмысты күшейту бойынша міндеттер қойды. Партияның барлық сайлауалды уәделерін – азаматтардың талап-тілектерін, "аманаттарын" орындау негізгі басымдық болып қала береді. Бұл ретте біз мемлекеттік органдардан цифрлар талап ететін тәжірибеден алшақтауымыз керек. Азаматтардың пікірлерін ескере отырып, бағдарламаның тармақтарын нақты іске асыруға ықпал ететін проактивті форматқа ауысуымыз қажет", - деп атап өтті Асхат Оралов.

Осы күні Асхат Оралов зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен де кездесті. Олардың ішінде әйгілі актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ақын Жүрсін Ерман, жазушы Смағұл Елубай және т.б. бар.

Ашық пікір алмасу барысында зиялы қауым өкілдері партия қызметін жетілдіру жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып, Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.

Жұмыс сапарының алғашқы күні Атқарушы хатшы қалалық мәслихаттағы Amanat партиясы фракциясының мүшелерімен кеңес өткізді. Ол осы жиында депутаттарға жұмысты күшейтуді және қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуына сапалы бақылау ұйымдастыруды тағы бір рет тапсырды.

"Алматылықтарға берген барлық уәделерді орындау қажет. Бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласына арналған сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік тұсын Бюро мүшелеріне, ал жол картасының индикаторларын партия өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелеріне бекіту қажет", - деп атап өтті Асхат Оралов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная