Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Нұрлан Дүйсембинов. Фото:gov.kz

Ақсу қаласының жаңа әкімі болып 49 жастағы Нұрлан Дүйсембинов тағайындалды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының жаңа әкімі болып 49 жастағы Нұрлан Дүйсембинов тағайындалды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңадан тағайындалған әкімді қала активіне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Ол бұрынғы әкім Жанат Шұғаев денсаулығына байланысты берген өтініші негізінде қызметінен босатылғанын айтып, атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сқақов жаңа әкімге облыстың 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында көрсетілген әлеуметтік бастамаларды, оның ішінде білім саласындағы мәселелерді шешуді, жастарды, шағын және орта бизнесті қолдауды бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, Дүйсембиновке жаңа қалалық қазандықты іске қосу тапсырылды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Нұрлан Дүйсембинов 2016-2017 жылдар аралығында Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама