Алматы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімі бойынша, Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Батырхан Сүлейменов 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020–2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.

2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама