Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының ұлы Астанада МКД басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Серік Манзоров тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Серік Манзоров тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Серік Манзоровты таныстырған.

"Серік Манзоров мемлекеттік органдар мен салық қызметі жүйесінде ұзақ жылдық еңбек өтіліне ие. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінде бастаған", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Ол әр жылдары жетекші маманнан аудан әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымда жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде, Президент әкімшілігінде қызмет атқарған.

Айта кетейік, Манзоров Серік Бағдатұлы - Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Манзоровтың ұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама