Алматыда Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Данияр Қырықбаев Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Қырықбаев Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Данияр Қырықбаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Президент әкімшілігі, қалалық мәслихаттың келісімімен тағайындалған", - делінген хабарламада.

Данияр Қырықбаев 2024 жылғы сәуірден бастап Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Данияр Батанұлы Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастады. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, Бас прокуратурада, Парламент Сенаты аппаратында және Жоғарғы сотта қызмет етті. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болды.

2019-2021 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры қызметін атқарды.

2021 жылдан бері Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама