11 мамыр 2021 | 10:30

Алматыда қалалық мобильділік басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қалалық мобильділік басқармасының жаңа басшысы Ғани Мырзаханов

Ғани Мырзаханов Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысы болып тағайындалды. Енді ол жолдардың жағдайы мен жолаушылар көлігі жұмысына жауап береді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғани Мырзаханов Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысы болып тағайындалды. Енді ол жолдардың жағдайы мен жолаушылар көлігі жұмысына жауап береді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінге дейін Қалалық мобильділік басқармасы басшысы лауазымы бос болды. Бұл лауазымға бүгін Ғани Әуезханұлы Мырзахановты тағайындадым. Ол жол жүйесінің маманы", - деді Алматы әкімі.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ғани Мырзаханов 2016 жылдан бастап "Алматы тазалық" кәсіпорнының басшысы болған. Ал 2008 жылдан бастап жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Сағынтаев Серік Құсайыновты өзінің орынбасары, ал Ержан Сейтеновты Алмалы ауданының әкімі қызметіне тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная