Алматыда Сатыбалды тағы бір орынбасарын тағайындады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.

Реклама
Реклама

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Ол - саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған.

Әр жылдары Қауіпсіздік кеңесінің ситуациялық орталығын басқарған, дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ, Президент әкімшілігінде басшылық лауазымдар атқарған.

Бүгінге дейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары болып Нұрлан Әбдірахым тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама