09 наурыз 2022 16:14

Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: nurotan.kz

Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия сайтына сілтеме жасап.

"Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметі мәліметінше, ол "Ашық партия" бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Реклама
Реклама

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram