10 шілде 2023 | 12:47

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: @KZgovernment

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы әуендері" МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

Реклама
Реклама

2007-2009 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2011 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.

2011-2013 жылдары - оқытушы; "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ ректоры.

2023 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Осы лауазымды бұрын атқарған Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы қызметтен босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная