Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі болды

Асан Дарбаев. Фото: t.me/ukimet_points

Асан Дарбаев ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асан Дарбаев ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үкімет қаулысымен және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының келісімі бойынша Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асан Дарбаев туралы не белгілі?

Реклама
Реклама

1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін (Ұлыбритания) бітірген.

2005 жылдан 2006 жылға дейін Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеді.

2006–2009 жылдары - монополияға қарсы құрылымдардағы аумақтық бөлімшелерде бас маман.

2010 жылы "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ және "KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақ қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс істеді.

2013–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті директорының орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымды қызмет атқарды.

2015–2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама