15 мамыр 2024 | 11:23

Асхат Хасенов "ҚазМұнайГаз" басшысының міндетін атқарушы болды

Асхат Хасенов. Видео кадры

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының м. а. тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" қоры мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының м. а. тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" қоры мәліметіне сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген", - делінген хабарламада.

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған. 2006-2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарған. Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. "Құрмет" орденімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная