Астанада алтыншы ауданның әкімі тағайындалды

Мақсат Саматұлы. Фото: Астана әкімдігі

Елордада Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жассап.

Елордада Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жассап.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақсат Саматұлы тағайындалғанға дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. Ол еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық", Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді.

Реклама
Реклама

2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды.

2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама