31 тамыз 2022 11:26

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz/

Сұңғат Есімханов Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұңғат Есімханов Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР энергетика министрінің бұйрығы бойынша, Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарлмада.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы "Алюминий Қазақстан" АҚ гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. 

Реклама
Реклама

2001-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу, Бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2010-2013 жылдары – "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті. 

2013-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2018-2020 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылдың мамырынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram