ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2022 | 17:40
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа директор тағайындалды
Мұрат Досмұратов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұрат Досмұратов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды.
"Атырау МӨЗ" ЖШС жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайырденов таныстырды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры қызметін Арман Қайырденов атқарған болатын. Ол 2022 жылғы мамырында "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также