ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2022 | 16:50
Аян Бейсекин Екібастұз әкімі болып тағайындалды
Аян Бейсекин Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Аян Бейсекин Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
"Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз активі алдында қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін Ертіс ауданының әкімі болған Аян Бейсекин тағайындалды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қала әкімі алдында тұрған басты міндеттерді айқындап берді", - делінген хабарламада.
Павлодар облысының тумасы Аян Бейсекин өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Оған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданы әкімінің орынбасары болған. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Мегаполиске дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік жүйесі мен жекеменшік секторда жұмыс істеген.
Аян Бейсекин – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также