ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2021 | 12:02
Айдос Сәкенов Туризм индустриясы комитетінің басшысы болып тағайындалды
Айдос Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Айдос Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР мәдениет және спорт министрі бұйрығы бойынша Айдос Мерекеұлы Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Леонид Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м.а. болып бастады.
2009-2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.
2016-2018 жылдары - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.
2018-2020 жылдары - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары. 2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также