Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болды

Багдат Мусин. Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин тағайындалғаны хабарланды.

"Бағдат Мусинге қордың маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеевке еліміздегі ең ірі телеком-компанияны 14 жылдан аса басқарғаны үшін алғысымды білдіремін. "Қазақтелеком" АҚ бірінші басшысының қордың негізгі компанияларының бірін дамытуға қосқан үлесі баға жетпес", - деді қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама