Бекежан Жәкеев “Қазпошта“ басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Бекежан Жакеев. Фото: igtipc.org

Бекежан Жәкеев "Қазпошта" басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бекежан Жәкеев "Қазпошта" басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылғы қазаннан бастап Асел Жанасова атқарған болатын. Биылғы 8 маусымда ол Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, осы тағайындауға дейін, 2024 жылғы қыркүйектен бастап Бекежан Жәкеев "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАО басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Бекежан Жәкеев 1982 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. "Әділет" құқық жоғары мектебі – Юриспруденция академиясын "құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Еуразия гуманитарлық институтын "экономика және бизнес бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі 22 жыл, соның ішінде 10 жыл – басшылық қызметтерде. Еңбек жолын 2002 жылы "Астық лизингтік компаниясы" ЖШС-де менеджер болып бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама