02 желтоқсан 2022 | 11:50

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметіне қайта тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы және директордың орынбасары болды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Астанада Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген. 1999-2000 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдар аралығында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, сол жылы бірінші вице-премьер кеңесшісі қызметіне Премьер-министр кеңсесіне ауысты. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная