10 қыркүйек 2021 | 14:47

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының басшысы болып қайта тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Берік Имашев. Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевты Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевты Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

1960 жылы 7 маусымда Алматыда дүниеге келген. 1982 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

2000-2001 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеген.

2001-2003 жылдары - Астана адвокаттар алқасының мүшесі.

2002-2003 жылдары "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ президенті болды.

2003-2005 жылдары Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарды. 2005-2007 жылдары - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. 2008 жылғы ақпан-тамыз аралығында Презиеднт көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымын атқарған.

2008-2012 жылдары - Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының басшысы болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram