ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2023 | 13:52
Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды
Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.
1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті.
2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап - "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
"Құрмет" орденімен марапатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также