13 маусым 2022 | 12:47

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Шоранов ректор болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды", - делінген хабарламада.

Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Реклама
Реклама

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная