11 қаңтар 2024 15:28

Бұрынғы елші Асхат Оразбай жаңа қызметке келді

Фото:depositphotos.com

Асхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ол Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатылған еді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Асхат Оразбай бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram