06 қыркүйек 2024 | 11:45

Бұрынғы министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке келді

Кайрат Абдрахманов. Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрынғы министр Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Нидерландыдағы төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы министр Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Нидерландыдағы төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ал Асқар Жұмағалиев болса Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Әбдірахманов 2013-2016 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болды. 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная