01 маусым 2021 | 12:49

Бұрынғы ТЖК басшысы Владимир Беккер жаңа лауазымға тағайындалды

Владимир Беккер. Фото: centrspas.kz

Төтенше жағдайлар комитетінің (қазіргі ТЖМ) бұрынғы төрағасы Владимир Беккер жаңа лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар комитетінің (қазіргі ТЖМ) бұрынғы төрағасы Владимир Беккер жаңа лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Беккер Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының (КӘАҚҚ РОШ) Бас директоры болды. Ақпаратты кәсіпорын өкілдері растады.

Владимир Беккер 1965 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1986-1991 жылдары азаматтық қорғау органдарының қызметкерінен бастады. 1991-2008 жылдары азаматтық қорғау органдарының басшысы болды.

2008 жылдан 2014 жылға дейін ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары - ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қазанға дейін ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы болған.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда төтенше жағдайларды жою саласындағы ІІМ функциялармен ТЖМ қайта құрылды.

2020 жылдың 23 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 маусымына дейін Владимир Беккер "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының директоры болып жұмыс істеді.

Президенттің 2017 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен оған генерал-майор әскери атағы берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная