Данияр Мейірхан Шымкент полициясында жаңа қызметке тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: otyrar.kz

Данияр Мейірхан Шымкент полициясында жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Мейірхан Шымкент полициясында жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты қалалық ПД баспасөз қызметі растады.

"Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығы бойынша, полиция подполковнигі Мейірхан Данияр Мейірханұлы Шымкент қаласы ПД жанындағы патрульдік полиция полкінің бастығы - командирі болып тағайындалды", - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, биыл мамырда Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілгені белгілі болды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық (ҚР ҚК-ның 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы) бойынша күдікті болды. Кейін ол 40 миллион теңге кепілмен босатылды.

14 қазанда адвокат Шимирбай Ағабеков Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын айтты. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама