01 желтоқсан 2022 15:41

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары - Премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Реклама
Реклама

Дархан Сатыбалды 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған болатын.

Дархан Сатыбалды 2022 жылы тамызда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram