20 желтоқсан 2021 | 17:38

Денсаулық сақтау министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Жандос Буркитбаев. Фото:gov.kz

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау министрі міндетін атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау министрі міндетін атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрі міндетін ведомствоның вице-министрі Жандос Бүркітбаев атқарады", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Алексей Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысы, Талас ауданының Ақкөл селосында 1971 жылы 27 ақпанда дүниеге келген.

1996 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина университетін, 2003 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы "Фармация" мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы қалалық клиникалық ауруханасының жедел медициналық көмек көрсету дәрігерінен бастаған. Әр жылдарда Алматы қаласының Апаттар медицинасы республикалық орталығының дәрігері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім және ғылым басқармасының бас маманы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік саясат, медициналық және фармацевтикалық өндірісті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық өндіріс және ақпараттық – аналитикалық қолдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өндірісті және дәрілік саясатты дамыту басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, "Ақтөберентген" АҚ басшылығының  құрамында қызмет атқарған.

2008 жылы Астана қаласының "Қан орталығы" ШЖҚ ҚКК басшысы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерекелік медалімен, белсенді қайырымдылық қызметі және мейірімділігі үшін "Шапағат" медалімен марапатталды.

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілерінің иегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram