07 шілде 2022 10:59

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Primeminister.kz

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастаған.

Реклама
Реклама

2009-2011 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.

20011-2013 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.

2017-2020 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram