17 қараша 2023 | 15:12

Экс-министрдің ұлы "Самұрық-Қазына" компанияларының біріне басшы болды

Фото: caepco.kz

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions басшысы болды. Ақпаратты компания растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions басшысы болды. Ақпаратты компания растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Karabatan Utility Solutions ЖШС 2014 жылы құрылған және Samruk-Kazyna Ondeu ЖШС (бұрынғы "Біріккен химиялық компания" ЖШС) еншілес кәсіпорны болып табылатын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобына кіреді.

Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген. 2013 жылы ол инженерлік қызметтер, дизайн және өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізу саласындағы әлемдік көшбасшы Worley Parsons компаниясында тағылымдамадан өткен.

Реклама
Реклама

Юрий Ильин - бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ведомство басшысы болды. Ол 2023 жылы 10 маусымда Абай облысында 14 орманшы қаза тапқан ірі орман өртінен кейін қызметінен босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная