03 желтоқсан 2022 | 09:23

Ерболат Досаев қызметінде қалды

Ерболат Досаев. Фото:gov.kz

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Досаев 2022 жылы 31 қаңтарда Алматы әкімі болып тағайындалған еді. Ол 2019 жылғы ақпанда Ұлттық банк төрағасы, 2017 жылғы тамыздан бастап премьер-министрдің орынбасары болған. 2016 жылғы мамырдан "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқарған.

Реклама
Реклама

2012-2013 жылдар аралығында ол экономикалық даму және сауда министрі, сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған.

Ол қаржы вице-министрі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған. 1998 жылы Досаев премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная