ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2021 | 17:56
Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әкімнің бұрынғы орынбасары Малика Бектұрова басқа қызметке ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Президент Әкімшілігімен келісе отырып, 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды", - делінген хабарламада.
Бекмұрзаев еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы қызметін, 2017-2021 жылдар аралығында елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жыл.
Бұған дейін Малика Бектұрова 15 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также