26 қазан 2023 11:19

Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Астана әкімдігі

Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.

Реклама
Реклама

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Евгений Глотов еңбек жолын "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастады. Әр жылдары "Ауыл жастары одағы" ҚБ, "GP group" ЖШС және т. б. жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек еткен. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram