ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2023 | 16:03
Гүлзат Көбенова Ғылым министрлігі комитетінің төрайымы болды
Гүлзат Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Гүлзат Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2002-2009 жылдары Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтерді атқарды.
2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарған.
2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы лауазымдарын атқарған.
2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.
2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также