ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2022 | 11:34
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Алмаз Ыдырысов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алмаз Ыдырысов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.
2005-2006 жылдары - "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.
2006-2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет еткен.
2014-2016 жылдары - "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болған.
2019-2022 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары - ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы - ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также