10 ақпан 2022 | 10:44

Жамбыл облысының жаңа ПД басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz/

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Реклама
Реклама

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады.

2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная