ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2022 | 17:55
Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды
Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды", - делінген хабарламада.
1997 жылы Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау" және 2013 жылы Қонаев атындағы Көлік және құқық Гуманитарлық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы "ҚаражанбасМұнай" акционерлік қоғамында оператор болып бастаған.
2004 - 2006 жылдар аралығында "Жазық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры болған. 2012 - 2016 жылдары Түпқараған аудандық мәслихатының депутаты болған. 2020 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарған.
"Депутаттар Маңғыстау облысы әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Нұрлан Ноғаев жаңа әкімге бірқатар нақты тапсырма берді", - деп толықтырды Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также