15 шілде 2024 | 16:34

Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасы тағайындалды

Фото: t.me/KZgovernment

ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған.

2019 жылы "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеген.

2020-2023 жылдары — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ЦДИАӨМ Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная