Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәдиев бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!