Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрлан Ноғаев облыс активіне кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген әкімнің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Маңғыстау облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып Жұмабай Қарағаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтарында Қаржы мониторингі агенттігі Жұмабай Қарағаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Содан кейін ол қамауға алынды.

Жарнама
Жарнама

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Қарағаевқа қатысты істің жабылғанын нақтылады.

"Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев пен Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты қылмыстық іс 2022 жылы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Толық ақпаратты құқық қорғау органдарынан ала аласыздар", - деді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама