ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 16:51
Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ербол Әлиқұлов Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ербол Әлиқұлов Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аппараттық кеңесте өңір басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа орынбасарды таныстырды. Ербол Әлиқұлов бұл қызметте Абзал Нүкеновтің орнына келді, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Әлиқұлов Ербол Шымкентбайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында Қарағанды облысын басқарды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен жақсы таныс", - деді облыс әкімі.
Орынбасар лауазымында Ербол Әлиқұлов білім беру, мәдениет, спорт, жастар саясаты, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.
Ербол Әлиқұлов мемлекеттік қызметте түрлі лауазымда қызмет атқарды. Алматыда Түрксіб және Алмалы аудандары әкімінің орынбасары, Жетісу ауданының әкімі болған. Кейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. 2017 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также