31 мамыр 2021 14:37

Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды

Фото: gov.kz

Құсайын Игембаев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құсайын Игембаев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысының прокуроры қызметіне 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Құсайын Игембаев 1962 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Теміртаудың прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, бас әскери прокурордың орынбасары және бірінші орынбасары, Шығыс өңірінің әскери прокуроры, Бас прокуратураның департамент бастығы болды.

Соңғы төрт жылда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасын басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram