04 ақпан 2022 | 16:26

Қайрат Дәлбеков Шымкент Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қайрат Дәлбеков

Қайрат Дәлбеков Шымкент Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Дәлбеков Шымкент Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Реклама
Реклама

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram