09 желтоқсан 2022 | 11:25

Қазақстанда барлық 20 өңірдің әкімдері тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Президент сайлауынан кейін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың 14 әкімі өз орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент сайлауынан кейін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың 14 әкімі өз орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші болып 2022 жылдың маусымынан бері Жетісу облысының әкімі болған Бейбіт Исабаев қайта тағайындалды.

Бейбіт Исабаев

Реклама
Реклама

Серік Шәпкенов Атырау облысының басшысы қызметін жалғастырады. Ол 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Серік Шәпкенов. Фото:gov.kz

Оның артынан Мемлекет басшысы Мұрат Әйтеновті Шымкент қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындады.

Мұрат Әйтенов. Фото:gov.kz

2022 жылдың маусымынан бері Алматы облысының әкімі болып жұмыс істеп келе жатқан Марат Сұлтанғазиев те қызметінде қалды.

Марат Сұлтанғазиев. Фото:gov.kz

Сонымен қатар, 2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкім болған Ералы Тоғжанов та орнында қалды.

Ералы Тоғжанов. Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысына Дархан Сатыбалды қайта әкім болып тағайындалды. Ол 2022 жылдың тамызынан бері облыс әкімдігін басқарып, қызметінен кеткен Өмірзақ Шөкеевтің орнына келді.

Дархан Сатыбалды

2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысының әкімі болып келген Нұрлыбек Нәлібаев та Президент жарлығымен қайта тағайындалды.

Нұрлыбек Нәлібаев

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметте 2022 жылдың маусымынан бері жұмыс істеді.

Нұрлан Ұранхаев. Фото:gov.kz

Ұлытау облысының қазіргі әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыс әкімі қызметін сақтап қалды. Ол 2022 жылдың 11 маусымында жаңадан құрылған облыс басшысы қызметіне тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы. Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

2 желтоқсанда Нұрлан Ноғаев та Маңғыстау облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке 2021 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Нұрлан Ноғаев. Фото:gov.kz

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Оның аймақ басшысы ретінде қызмет атқарғанына небәрі сегіз айға жуықтады. Ол биыл сәуірде Бердібек Сапарбаевтың орнына тағайындалған болатын.

Нұржан Нұржігітов . Фото:gov.kz

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өз орнын сақтап қалды. 2 желтоқсанда Президент жарлығы бойынша, қайта тағайындалды. Еске салайық, Маржықпаев 2019 жылдың наурызында осы облыстың әкімі болған еді.

Ермек Маржықпаев. Фото:gov.kz

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметін сақтап қалды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша, ол қала әкімі қызметіне қайта тағайындалды. Еске салайық, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Алматыға 2022 жылдың 31 қаңтарында әкім болып тағайындалған болатын.

Ерболат Досаев. Фото:gov.kz

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін сақтап қалды. Биыл 7 желтоқсанында ел Президенті оны Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Ахметов сегіз жыл әкім төрағалығында болды.

Даниал Ахметов. Фото:instagram.com/danial.akhmetov.official

Енді кезекте облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жаңа басшылары:

Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін ол ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

Айдарбек Сапаров . Фото:gov.kz

Енді Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Құмар Ақсақалов туған жері Қостанай облысының әкімі болды. 1 желтоқсанда ел Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды.

Құмар Ақсақалов

Батыс Қазақстан облысының әкімі бұрынғы сенатор Нариман Төреғалиев болды. Осы өңірде дүниеге келген ол әр жылдары Батыс Қазақстанның бірқатар шаруашылықтарында еңбек еткен. Орал қаласының әкімі болған. 2017 жылы алтыншы шақырылымдағы Сенат депутаты болып сайланып, Нариман Төреғалиев соңғы бес жылдан бері елордада қызмет еткен.

Нариман Төреғалиев . Фото:parlam.kz

Павлодар облысының жаңа әкімі болып Асайн Байханов тағайындалды. Ол бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша 7 желтоқсанда тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар қаласының әкімі болған. Екібастұзда болған төтенше жағдайдан кейін Павлодар облысының басшысы ауысты. Жылу электр орталығындағы бірнеше қазандықтың тоқтап қалуынан қаланың барлығы дерлік жылусыз және ыстық сусыз қалған болатын.

Асайн Байханов. Фото:gov.kz

Қарағанды ​​облысының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды ​​қаласының әкімі, Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары болған. Бөлекпаев осы жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қызмет атқарды, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды, елордадағы Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: t.me/KZgovernment

Алтай Көлгіновтің орнына Жеңіс Қасымбек Астананың жаңа әкімі болды. Үш жылдан аса Қарағанды ​​облысының әкімі болып жұмыс істеген Қасымбек елордаға қоныс аударады.

Жеңіс Қасымбек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная